Иманбек "Roses" ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды
Қазақстанның танымал музыканты Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Roses" ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иманбек Зейкенов Saint JHN орындаушысының Roses әнін ремиксі үшін "Үздік электронды би әні" номинациясында марапатқа ие болды.
"Billboard Awards марапатын алдым, бұл Грэмми +1 сияқты", - деп жазды Instagram парақшасында Imanbek.
Billboard Music Award - америкалық басылым Billboard музыкалық чарттардағы өнерпаздардың ерекше жетістігі үшін беретін музыкалық сыйлық.
Еске салайық, 15 наурызда Иманбек Зейкеновтің "Roses" әніне ремиксі "Грэмми" марапатын алды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды