Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ықылық қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін – Маман

Клиникалық тәжірибесі бар дәрігер, эндоскопист, хирург-гастроэнтеролог Сатыбалды Музафаров гастритте ауырсынулар байқалмаса да, асқазан-ішек жолдарының қауіпті ауруларына әкелетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

ықылық

Денсаулық сақтау министрлігіне мұны мәлімдеген.

"Көптеген адамдар қыжыл, қылық, кекіру, жүрек айну, ауыздан жағымсыз иіс шығу деген сияқты зиянсыз болып көрінетін белгілерге назар аудармайды", – делінген ведомство хабарламасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, ас қорыту жүйесінің патологиясы қарқынды өсуде. Ауырсыну белгілерін сезбестен, пациенттер көбінесе қарапайым профилактиканы елемейді және тексерілмейді. Дәрігерлер түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүр болған кезде немесе тек созылмалы кезеңдерде емделеді.

ГЭРА (гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы) ХХІ ғасырдың ауруы деп жарияланды, ол соңғы онжылдықта белсенді түрде зерттеле бастады. 

ГЭРА-ның кесірінен бронхопульмональды жүйенің он ауруы – бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, фиброз, құрғақ жөтел және тыныс алу жолдарының басқа патологиялары пайда болады. Сондай-ақ фарингит, ларингит, синусит, жиі тамақ ауруы және тіпті көмейдің қатерлі ісігі сынды лор ауруларын тудырады.

Талқылау