22 ақпанда Қазақстанда өткен митингтер: ІІМ ұсталғандардың санын айтты
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 22 ақпан күні Қазақстанның ірі қалаларында болып өткен рұқсатсыз митингтерде ұсталған азаматтар жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кейбір қалалардың тұрғындары рұқсатсыз митингке шықты. 53 адамның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны бар, 43 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп мәлімдеді Тұрғымбаев.
Министр бұған қоса халық толқулары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болып өткендігін алға тартты.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын бас прокуратура халықты рұқсатсыз митингке шықпауға шақырған еді.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды