Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IBAN дегеніміз не?

IBAN клиенттің банктегі немесе басқа қаржы ұйымындағы халықаралық талаптарға сай есепшот нөмірі.

Бұл нөмір 45-тен астам мемлекетте қолданылады. IBAN (International Bank Account Number) Стандарттандыру бойынша халықаралық ұйымы мен Еуропалық банктер стандарттары комитетінің бірігіп құрастырған банк шотының нөмірі. 

IBAN енгізудегі мақсат төлемдерді автоматты түрде өңдеу үдерісін дамыту, дұрыс жасалмаған төлемдердің саны мен тергеуге кететін уақытты азайту, халықаралық төлемдерді өңдету жылдамдату.

Қазақстанда IBAN 20 белгіден (сандар мен әріптерден) тұратын, KZ-тен (Қазақстанның коды) басталатын код. Бұған қоса, IBAN-де Ұлттық Банктің қаржы ұйымына тағайындаған коды, клиенттің банктегі нөмірі жасырылған. 

IBAN-ді қалай білуге болады? 

IBAN клиент пен банк арасындағы есепшот ашу туралы келісімшартта көрсетіледі. Сондай-ақ бұл нөмірді өзіңіз қызметтерін пайдаланатын мобильді банкингтен көре аласыз. 


БСН дегеніміз не?

Талқылау