Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты

Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан скриншот

Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Айыпталушылар қатарында жүргізушісі Мәди Батыршаев та бар. Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Ал айыпталушылар Астананың тергеу изоляторында отыр.

Оған Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру” және 194-бабы "Аса ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау” бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап ерекше ауыр деп танылады және ол бойынша айыпталушы алқабилердің қатысуымен істі қарауды талап етуге құқылы.

"Бұл жағдайда мен сіздің ұстанымыңызды білуім керек. Істі судья немесе алқабилер қарауын қалайсыз ба?" – деп сұрады судья Гүлмира Сатыбалдыдан.


Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді


“Мен сізге сенемін”, – деп жауап берді айыпталушы. 

Қорғаушы тарап қылмыстық істі қысқартуды сұрады. Өйткені адвокаттардың айтуынша, тергеу сотталушының әрекетін "Бопсалау" бабы бойынша заңсыз саралаған. Қорғаушы тарап Сатыбалданың әрекетінде ешқандай пайдакүнемдік мақсат болмаған деп есептейді. Ол өз компаниясынан ұрланған қаражатты қайтарғысы келген.

Қорғаушы тарап сотты жабық есік жағдайында өткізуді және айыпталушылардың фотоларын пайдалануға тыйым салуды да сұрады.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу аяқталған еді. 

Талқылау