Головкин жапондық қарсыласына шапанын сыйлап, чемпиондық белбеуін қайтарып берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапондық Риота Муратаны мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін дәл ринг алаңында қарсыласына әдетте жекпе-жекке киетін шапанын сыйға тартып, чемпион белбеуін қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Қарсыласыма үлкен құрмет! Ол чемпион және солай болып қалады. Аригато!" – деп жазды өзінің Instagram парақшасында WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Головкин Instagram желісінде Мұратаның шешінетін бөлмесіне барып, қарсыласына жекпе-жек үшін алғыс білдіріп, оған естелік ретінде чемпиондық белбеуді қайтарған. Сол сәттің видеосын парақшасында жариялады.
"Риота, бұл сенің белбеуің мәңгілікке", – деді ол жапондықты құшақтап, белбеуді беріп жатып.
Желі қолданушылары спортшыны қолдап, мақтау сөздер жазып жатты. “Қазақстандықтардың кеңпейілділігі ғой”, “Гена адам нағыз адам ғой”, “Халықтың чемпионы тек мықты ғана емес, абыройлы чемпион”, “Қазақтың қаны ғой, қонақжай, кішіпейіл”, “Қазақтың мінезі”, – десті қазақстандықтар.
Еске салсақ, отандасымыз Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен бокс кешінде Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super белбеулерінің иесі атанды. Бұл спортшының масабындағы 42-жеңіс.