Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды
Белгілі промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық "Канело" Альварес арасындағы көптен күткен үшінші жекпе-жектің өтетін орнын атады, деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтетін болды.
Айта кетсек, Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі де дәл осы жерде өткен болатын. Ол кездесулердің біріншісі тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канелоның" бағы жанған.
Қазақстандық GGG мен мексикалық шаршы алаң шебері "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің болатыны туралы Сауль Альварес 23 мамырда ресми хабарланған еді. Келесі күні бұл ақпаратты Геннадий Головкиннің өзі растады.
Атышулы "трилогия" осы жылдың 17 қыркүйегінде өтпек.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды