Германияда балаларды жыныстық қатынасқа тартқан шенеунік 3,5 жылға сотталды
Германияда Люнен мэрінің бұрынғы орынбасары балалар порнографиясын көргені және кәмелетке толмағандар интимдік хаттар жолдағаны үшін түрмеге жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Verlag Lensing-Wolff GmbH & Co. KG
41 жастағы Даниэль Вольски жасөспірімдерге өзінің жалаңаш суреттерін жіберіп, оларды кездесуге көндірмек болған. Оның үстіне саясаткер ұлдармен де, қыздармен де хат жазысқан.
Кездесуге көнген балаларды зорлап, орнына аз мөлшерде ақша немесе сыйлық берген. Вольски жасөспірімдерді 2018 жылдан бері жыныстық қатынасқа тартатыны белгілі болды.
Тергеу барысында ер адам балалар порнографиясын сақтап жүргені белгілі болды. Осыдан кейін ол бірден қызметінен кетті. Бес аптаға созылған сот отырысының екінші күнінде әкімнің бұрынғы орынбасары өз кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленушіге 1000 еуроға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеген.
Судья оны кінәлі деп тауып, емделуге кеңес беріп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол түрмеде жазасын өтей бастағанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қалады.