Германия құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
Бокстан Германия құрамасы биыл әйелдер мен ерлер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Құраманың ойыннан бас тарту себебі Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуымен байланысты емес. Олар 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатындықтан әлем чемпионатына келе алмайтыны атап өтілді.
Бұған дейін АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Польша, Ирландия, Украина және Канада құрамалары әйелдер арасындағы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь өкілдерінің кіруіне байланысты оған бойкот жариялауды жоспарлаған еді.
Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-31 наурыз аралығында Нью-Делиде (Үндістанда), ерлер чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстанда) өтеді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген

