Ғалымдар екі вакцинаны араластырып салғызу әлдеқайда тиімдірек екенін жариялады
Оксфорд университетінің зерттеушілері екі түрлі вакцинаны араластырып салғызу денсаулыққа пайдалы екенін жариялады. Ғалымдар екі түрлі вакцинаның екі компонентін араластырып салғызу арқылы COVID-19-дан қарсы сенімді түрде қорғануға болады деген пікірде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Мамандар жүргізген тәжірибеде еріктілер екі түрлі вакцина дозаларын салғызған. Екі компонентті салғызу аралығы төрт аптаны құраған. Тәжірибе нәтижесінде AstraZeneca және Pfizer вакциналарын араластырып егу тек бір ғана екпені салғызудан гөрі тиімдірек екені анықталған.
Қазіргі таңда вакциналарды араластырып салғызуды Испания мен Германия сынды мемлекеттер қолға алған. Бұл елдерде Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салғызғандар тұрғындарға, екінші доза ретінде AstraZeneca екпесін салу ұсынылуда.
Ғалымдар бұл зерттеу арқылы халықтың бір вакцинаға деген сенімсіздігін азайтуды мақсат еткендерін алға тартты.
Елімізде вакцинаны қандай жағдайда салдырмауға болатыны айтылды
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді