Футболдан Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырады
Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжан құрамасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының кезекті ойыны жеңіліспен аяқталды. Олар бұл жолы Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен ұтылды. Венгрияның Сомбатхее қаласында өткен матчтың бірінші таймында екі гол соққан футболшыларымыз басымдығын соңына дейін ұстап тұра алмады. Әуелі 42-минутта Эмрели есепті қысқартса, екінші таймда әзірбайжандықтар екі бірдей гол соғып, алға шықты. 51-минутта Махмудов пенальтимен есепті теңестірсе, 73-минутта Байрамов жеңіс голын соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, бұған дейін Балтиев бастаған ойыншылар 7 маусымда Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.
Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Көліктегі полиция: "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды"
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
