Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылы өткізген алғашқы ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Талғат Байсуфин жаттықтыратын құрама Андрей Карпович басқаратын Қазақстан премьер лигасындағы легионерлер құрамасына қарсы кездесу өткізді. Түркияда өткен матчта Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы таймда ұлттық құрама бірден екі гол соқты. Ойынның бесінші минутында Асхат Тағыберген, жиырма бірінші минутында Оралхан Өміртаев гол авторлары атанды.
Екінші таймның алпысыншы минутында легионерлер Кирилл Сидоренконың көмегімен алғашқы голдарын соқты.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына өту үшін 24 наурызда Молдоваға қарсы ойын өткізбек. Жеңімпаз С тобындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген құрама бір саты төмен деңгейде ойнайды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"