Ер адам құны 160 мың доллар болатын саф алтын тауып алды
Арзан металл іздегіші бар Аустралия азаматы 240 000 аустралиялық доллар (160 000 АҚШ доллары) тұратын алтыны бар, салмағы 4,6 келілік тас тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.

Атын атаудан бас тартқан азамат бағалы тасты 1800 жылдары Аустралияда алтын дүрлікпесі болған Виктория кен орнынан тапқан.
Саф алтынның үлгісін бағалап, сатып алған алтын сатушы Даррен Кэмп 43 жылдық мансабында мұндай үлкен алтынды бірінші ретін көріп отырғанын айтты.
"Мен абдырап қалдым... Мұндай табыс өмірде бір-ақ рет болады", – деді ол BBC News-ке.
4,6 келілік тастың құрамында жалпы 83 унция немесе 2,6 келі алтын бар.
Кэпмтің сөзінше, алтынды тапқан азамат ақшаны отбасына жұмсауды жоспарлап отыр.
Аустралияда әлемдегі алтын қоры ең көп елдердің бірі және әлемдегі ірі саф алтындардың көбі дәл осы елден табылған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"