Енді вандализм жасағандар 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады
"Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заң аясында депутаттар екінші оқылымда вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша нормалар әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: VistaCreate
Жаңа заң бойынша вандализм үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту көзделген.
Мемлекет басшысы "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында вандализмнің теріс салдарын алға тарта келіп, онымен күресу қажет екенін айтқан.
Қылмыстық кодекстің 203-бабы "Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру" алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бірнеше рет жасаған адамдар тобы арнайы нормаларымен толықтырылады.
"Вандализм" 294-бап бойынша бұзушылық аясында 100 АЕК-тен (бұрын 50 АЕК) 200 АЕК-ке (бұрын 160 АЕК-ке) дейінгі айыппұл түріндегі жаза немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу (бұрын 40 тәулік) жазасы қолданылады.
Бұл баптың 2-бөлігі "әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған" деген нормамен толықтырылды. Мұндай әрекеттер 500-ден 200 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 300 сағаттан 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланбақ.