Елордада лифтті аяғымен басқан фельдшерге айыппұл салынды
Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында "Ақ дидар" тұрғын үй кешенінде лифтті аяғымен басқан жедел жәрдем қызметкеріне айыппұл салынды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы факті бойынша полицейлер 24 жастағы фельдшерді анықтады. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға 5 АЕК, яғни 15 315 теңге айыппұл салынды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды