Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда кубогі: Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан өзбек боксшыларын жеңді

Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" жартылай финалына шықты. Боксшыларымыз өзбекстандық былғары қолғап шеберлеріне қарсы жұдырықтасып, жеңіске жетті. Бибосынов 51 келіде Мұхаммедқадыр Мамыржоновты айқын басымдықпен ұтса, 57 келідегі Махмұд Сабырхан Худойназар Фаизовты төрешілердің екіұдай шешімімен ұтты. Махмұд алғашқы раундта қарсыласына есе жібергенімен екінші, үшінші раундты өз пайдасына шешті. Осылайша әлем чемпиондары жартылай финалға жолдама алды. Бибосынов үнді боксшысы Макино Соушиге қарсы шықса, Махмұд Асылжан Серікбаймен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бұған дейін олимпиада жолдамасының иегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай "Елорда кубогінің" финалында жолығуы мүмкін екенін жаздық. 

Талқылау