Еліміздегі базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге дейін ұзартылуы мүмкін
Қазақстандық кәсіпкерлер базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін ұзарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз ұсыныстарын отандық кәсіпкерлер үкімет басшысының орынбасар Ералы Тоғжановқа жеткізген. Өз кезегінде вице-премьер денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.
"Осы аптада өтетін үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады", - депті Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мәліметінше, елдегі эпиджағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"