Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ұшақ билетінің құны тағы да қымбаттамақ

Елімізде ұшақ билетінің құны тағы да қымбаттауы мүмкін. Өйткені Алматы әуежайы ішкі рейстердің ұшып-қону қызметінің бағасын көтермекші. Аталған қызметтің тарифі соңғы рет 2004 жылы бекітіліпті. Жыл сайын 1 миллиард 300 миллион теңге шығынға батамыз деген әуежай осы уақытқа дейін техникаларын қалай жаңартып келген? Ал билет бағасының қымбаттауы мүмкін деген хабарды жолаушылар қалай қабылдады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

билет

Алматы әуежайында ұшып-қону тарифі тек ішкі рейстерге ғана қатысты. Яғни транзиттік және халықаралық рейстердің ұшып-қону құны өзгеріссіз қалады. Қазіргі тариф 2004-шы жылы бекітіліпті. Ол кезде әуе кемесінің 1 тоннасына 752 теңге 50 тиын болған. Ал тұрақты рейстердің 1 тоннасы 1 мың 325 теңге 26 тиын болыпты. Енді әуежай басшылығы 17 жылда экономика бірнеше рет өзгергенін және пандемия кесірінен енгізілген карантиндік шектеулерді ескеріп, ескі тарифті тиімсіз деп шешіпті. 


Қазақстанда енді ұн, нан және макарон қымбаттайды


“Соңғы жылдары бұл мәселе күн тәртібінде тұрған еді. Жаһандағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты, тариф бағасын өсіруді ұйғардық. Қазіргі бағадан 3 есе өсіргіміз келеді. Баға қымбаттаса ұшып-қону кезіндегі қауіпсіздік те жоғарылайды”, – дейді Алматы халықаралық әуежайының жерүсті қызметі мен өндіріс бойынша вице-президенті Симонс Зитцер.

Әуежай өкілінің сөзінше, Алматы әуежайы жылына 1 миллиард 300 миллион теңге шығынға батады. Оның үстіне ұшып-қону қызметіндегі техникалар да ескірген екен. Енді мекеме басшылығы бұл қызметке 8 миллиард 200 миллион теңге инвеситиция құймақшы. Ал мұндай жаңалыққа қатысты халық жиі тұтынатын Fly Arystan мен Air Astana компаниялары қоғамдық талқылауға қатысса да ләм-мим демей отыр. Тек Scat әуе компаниясы билет бағасы сәл де болса қымбаттайтынын айтты. Жолаушылар оған түбегейлі қарсы екен.     


Қазақстанда картоптың бағасы күн санап өсуде: Кәсіпкерлер себебін түсіндірді


Алматы әуежайының тарапынан ұшып-қону қызметінің тарифін қымбаттату бұл әзірге ұсыныс қана. Соңғы сөз азаматтық авиация комитетінде. Тариф бойынша нақты шешім 29-шы қазан күні қабылданбақ. Айта кетейін, қымбаттаған тариф алдағы 5 жыл бойы өзгертілмейді. 

Талқылау