Каспий теңізіне қалдықтарды төгуде: Ақтаулықтар танымал қонақүйдің әрекетіне ашуланды (видео)
Әлеуметтік желіде Каспий жағалауында түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан құбыр арқылы аққан судың теңізге құйылғанын көруге болады. Видео авторының сөзінше, мұндай әдіспен қалдықтарды теңізге ағызуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Видео авторы қонақ үй аумағынан шығып, теңізге баратын құбырды тапқанын айтады.
"Барлық қалдықтар осы құбыр арқылы қонақ үйден теңізге барып құяды", – деп топшылады автор.
Маңғыстау облысының экология департаменті зертхана-аналитикалық мониторинг бөлімінің мамандары аумақтағы судан сынама алғанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта тәуелсіз экологтар, қоғам белсенділері мен "Экожер" аймақтық экология Ассоциациясының Маңғыстау облысы экологтар кеңесі мүшелерін жағдайды бағалау үшін тарту жоспарланып отыр", – деді Маңғыстау облысы экология департаментінің өкілдері.
Сонымен қатар тексеріске балық шаруашылығы басқармасы, су инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциялары жағдайды құқықтық бағалау үшін тартылмақ.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан