Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш туралы сұрақ Түркияның “Миллион кімге бұйырады” ойынына кірген (видео)

Димаш Құдайберген тыңдарманына тағы бір тың жаңалығын жеткізіп қуантты. Отандасымыз туралы сұрақ Түркияның әйгілі “Миллион кімге бұйырады?” бағдарламасына кірген, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген

Әйгілі білімділер сайысына музыкалық сұрақ ретінде Димаштың “Любовь уставших лебедей” әні енген. Бағдарлама жүргізушісі, қазақ көрермендеріне жақсы таныс актер Мұрат Йылдырым әннің қай тілде орындалғанын сұраған. Ал шоуға қатысушы сұраққа дұрыс жауап беріп, алғашқы айналымнан сүрінбей өткен-ді.

Желі қолданушылары Димаштың кезекті жетістігіне қуанып, әннің қазақ тілінде болмағанына өкініш білдірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Түрік ағайынның МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ бағдарламасы.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)


Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау