Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянын Францияда түсіреді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянын Францияда түсіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жаңалығымен бөліскен. Шетелде түсірілетін бейнебаян халықтың жүрегінен алатын тың туынды болуы үшін әнші барын салмақшы.
"Франция-Исландия. Жаңа бейнебаянның түсіріліміне ұшып барамыз", - дейді Димаш Құдайберген.
Мұны көрген желідегі жұрт әдеттегідей әншіге ақ жол тілеп, ақ жарма сөздерін жаудырған. Олар Димаштың жаңа туындысын асыға күтетіндерін жеткізді.
"Сәттілік тілеймін, Димашжан", "Естелікке толы, керемет түсірілім болсын", "Құрметті, Димаш! Біз жаңа туынды қай әнге түсірілетінін білгіміз келеді. Біз үшін сенің шығармашылықтағы әр қадамың қызық", "Димаш, сенің айтқан тосынсыйың осы ма, әлде тағы бірнәрсе күтейік пе", - деп пікір қалдырды жұрт.
Гарвард пен тоғыз тіл: Желі қолданушылары қазақстандық оқушының жетістіктеріне күмән келтірді
11-сынып оқушысы 9 тілді еркін меңгерген екен
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"