Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Димаш Құдайберген «Титаник» фильміндегі әнді орындап жұртты таңдай қақтырды (видео)
Қазақтың бір туар әншісі Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань қаласында өткен халықаралық кинофестивальге қатысты. Ол “Титаник” фильмінің саундтрегін шырқап, жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайберген кинофестиваль барысында Селин Дионның «My heart will go on» әнін орындап шықты.
Ол аталған әнді орындаған сәтінің видеосын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Видео 10 сағаттың ішінде 43 000 лайк жинаған. Ал әншінің фанаттары оның әйгілі әнді керемет орындағанын айтып, жағымды пікірлерін жаудыруда.
Сонымен қатар Димаш кинофестивальде қызыл кілемнің үстімен жүріп бара жатқан суретін жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, 8 желтоқсанда Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында өткен «Әлем аруы-2018» сұлулық байқауында өнер көрсеткен еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды