Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог кәрілікті тежейтін өнімдердің тізімін жариялады

Гастроэнтеролог-диетолог Эльвира Белева жастықты ұзартудың құпиясымен бөлісті. Маман күнделікті ас мәзіріне майшабақ пен күрішті қосуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Известия” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ашық дереккөзден

Диетолог ағзада альфа липо қышқылының жеткілікті түрде бөлінуін қадағалу керегін айтты. Өйткені ол ағзаны ерте қартаюдан сақтайтын маңызды антиоксидант – глутатион өндірісін жақсартуға көмектеседі. Альфа липо қышқылы сүт, бұршақ, күріш, бұршақ, банан, саңырауқұлақ, асжапырақ пен брокколидің құрамында болады. 

Сондай-ақ маман адам ағзасындағы линолен қышқылының маңыздылығын да атап өтті. Линолен қышқылы иммунитетті көтеріп, кәрілікті тежейді және артық майдан арылуға көмектеседі. Диетолог жас қалпын ұзақ уақыт сақтағысы келетін жандарға скумбрия, сардина, арқан балық, майшабақ, сондай-ақ грек жаңғағы, соя және зығыр майын тұтынуға кеңес береді. 

Бұған дейін анемияның адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ мамандар созылмалы аурулары бар адамдарға ыстық моншаға түсуге болмайтынын ескертті.

Талқылау