Диетолог дұрыс тамақтанудың басты қағидасын атады
Диетолог-нутрициолог Ольга Кондратенко дұрыс тамақтанудың негізгі қағидасы ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендердің тепе-теңдігі екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aif.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, адамға қалыпты өмір сүру үшін энергия қажет. Оның негізгі көзі – көмірсулар, олар тағамның тәуліктік калориясын жартысын алуы тиіс. Сонымен қатар бұл торт мен тәтті сияқты кондитерлік өнімдер болмауы керек.
"Ұзақ көмірсулар негізінен маңызды және гликемиялық индексі орташа немесе төмен болғаны жөн", — деп түсіндірді ол.
Кондратенко майлардан бас тарту қате екенін айтты. Оның айтуынша, май диетаның күнделікті калориясының кем дегенде 30 пайызына тең болуы тиіс. Сонымен қатар диетолог тәулігіне ақуыздың қажетті мөлшерін тұтынуға шақырды. Ерлер үшін бұл көрсеткіш – орташа есеппен тәулігіне 120 грамм, әйелдер үшін – 90-100 грамм.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"