Денсаулық сақтау министрлігі елде corona-такси енгізуді ұсынды
Қазақстанда жедел жәрдем стансасындағы жүктеме айтарлықтай артты, сондықтан денсаулық сақтау министрлігі corona-таксиді енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызметке такси парктері мен медициналық емес ұйымдардың көліктері қосылып, медициналық қызметкерлерді үйдегі науқастарға тасымалдау үшін мобильді топтар құрылады.
"Қазіргі жағдайда біз үйде емдеуді ең дұрыс шешім деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек қашықтықтан жұмыс түрінде беріледі", - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Министрдің сөзіне қарағанда, үйге келген медицина қызметкерлері COVID-19-ды анықтайтын тест алады, пациенттерге кеңес беріп, ем тағайындайды, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді. Одан әрі науқастың жағдайына мониторинг қашықтан жүргізіледі.
Corona-taxi туралы ұсыныс ведомствоаралық комиссияның қарауына берілді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"