Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау басқармасы Оралда екі сәби тұмаудан көз жұмды деген ақпаратқа жауап берді

Әлеуметтік желілерде 9 және 11 айлық екі сәби тұмаудан қайтыс болды деген ақпарат таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтауда балабақшада 1 жасар бала көз жұмды
Бірнеше күн ішінде желіде Оралда тұмаудың қауіпті маусымы басталғандығы туралы хабарлама тарап жатыр. Оның белгілері дене температурасының 40-42 градусқа дейін көтерілуі болды.

"Бүгін мен Оралдағы тәтеммен сөйлестім, оның келіні емханада жұмыс істейді. Ол қалада тұмаудың бір түрі басталған дейді. Нәрестелерде температура 40-42 градусқа дейін көтеріліп, соған байланысты 11 және 9 айлық екі сәби қайтыс болды", - деп жазылған желідегі хабарламаларда. 

Кей желі қолданушысы авторды қолдап, жақында олардың өздері тұмаудың осы түрімен ауырғанын хабарлады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аймақта тұмаудан нәресте өлімі тіркелмегенін хабарлады.

әБарлығы тексерілді, мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Температураға байланысты көптеген қиындықтар бар, қазір суық мезгіл, бірақ өлім болған жоқ», - деп хабарлады департаменттен.

Талқылау