Демалуы қиындап, жүрек жетіспеушілігі байқалды: Алматы облысының әкімі шұғыл түрде Нұр-Сұлтанға жеткізілген
Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта емделуде. Оның тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігі байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы онлайн-брифингте облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.
"Өздеріңіз білесіздер, Амандық Ғаббасұлының коронавирусы үш апта бұрын расталды (22 маусым - автор.) Ол емделуде, бірақ тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігіне байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталығына жатқызуға шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов.
- "Маған демагогтың қажеті жоқ": Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарын қызметінен босату туралы шешім қабылдады
- Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды
Әкімнің орынбасары қазіргі таңда Баталовтың жағдайы жақсарғанын жеткізді.
"Ол кісі емделуде, жағдайы жақсарды. Ол үнемі спортпен шұғылданады, денсаулығы жақсы. Сондықтан Амандық Баталов жақын арада жұмысқа кірісетін болады", - деп қосты Батыржан Байжұманов.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан