Демалыс күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді
City Transportation Systems-тің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығымен елордада қоғамдық көліктер демалыс күндері тоқтатылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сенбі мен жексенбі күндері 17-18 шілдеде қалалық және қала маңындағы маршруттар жүрмейді. Дезинфекция жұмыстары жүргізілетін болады", – делінген хабарламада.
Компания, сонымен қатар бетперде режимін сақтау қажеттілігін еске салады. Қоғамдық көліктерге бетпердесіз кіруге тыйым салынған.
Жол жүру ақысы тек банктік аударым арқылы жүзеге асырылады: көлік картасы немесе QR кодын сканерлеу я болмаса көлік кодын енгізу арқылы төлем жасауға болады.
Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы жаңа карантиндік шектеулер 17 шілде күні күшіне енеді.
Ал Алматыда осы демалыс күндері автобустар, троллейбустар мен метролар қалыпты режимде жұмыс істейді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі