AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев сахнаға мас күйде шыққаны үшін әртістер мен ұйымдастырушыларды гонорардан айыруды ұсынды

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандық әртістер мен концерт ұйымдастырушылары үшін айыппұл мөлшерін алатын гонорар мөлшеріне дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абаев

Оның айтуынша, мұндай шараның арқасында әртістердің қатысуымен болған жағымсыз жағдайлар азаяды.

"Бізге әртістердің де, концерт ұйымдастырушылардың да жауапкершілігін арттыру қажет. Қазір концерт ұйымдастырушылары мен әртістерге концерт үшін алынатын гонорар мөлшерінде айыппұл салу туралы норманы талқылаймыз. Өйткені сахнада мас күйінде өнер көрсететін әртістерге айыппұл мөлшері көшеде жүрген мас адамның төлейтін айыппұлына тең болып тұр", – деді министр журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.



"Әртістердің өнер көрсетуіне 5 жыл немесе өзге мерзімге шектеу қоюға болмайды деп санаймын. Бұл әртістердің елден кетуіне немесе толығымен желіге ауысуына әкелуі мүмкін", – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мемлекеттік рәміздерді қорлап және әдепсіз сөздер үшін әншілерді сахнадан 5 жылға аластатуға шақырған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр