Clubhouse желісінде Тоқаевтың парақшасы пайда болды: Президенттің баспасөз хатшысы түсініктеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Clubhouse желісінде жеке парақшасы жоқ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Twitter-де @TokayevKZ және Instagram-да @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді", - деп жазды Facebook-те.
Айта кетейік, қазіргі Clubhose желісінің танымалдылығы артып келеді. Жаңа әлеуметтік желіде бірқатар танымал тұлғалармен тікелей әңгімелесуге болады. Clubhose-тың танымал қолданушылары арасында Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск және Facebook әлеуметтік желісін құрастырған Марк Цукерберг бар көрінеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"