Чемпионат тамашалау денсаулыққа кері әсер етеді – Ғалымдар
Футболдан Еуропа және әлем чемпионаттарын көру денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Ағылшын ғалымдары матчты тікелей эфирден көру жанкүйерлер арасында жағымсыз эмоция тудыратынын анықтады. Бұл стресс деңгейін және жүрек ауруының қаупін арттырады дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Futurefootballshop.ru
Шетелдік мамандардың айтуынша, жанкүйерлердің көңіл-күйі ойын кезінде жиі өзгереді. Сонымен қатар көптеген адамдар алкогольдік сусындарды көп мөлшерде ішеді. Бұл денеге одан сайын ауыр соққы береді. Бірақ сүйікті командасы жеңсе, жанкүйерлер оң нәтиже ала алады. Жеңіс үшін қуанған сәтте жағымды әсер қалыптасып, бақыт гормондары пайда болады.
Қазақстандық сарапшылар бәс тіккен және ақша жоғалтудан қорқатын жанкүйерлер ғана денсаулығына алаңдауы керек деп санайды.
“Спортқа ақша табу, оңай олжа деп қарайтын бәс тігушілер, лудомандар қатты уайымға салынып, жеңіліске құлазиды. Ол эмоцияны командаға деген махаббаттан емес, ақшаны жоғалтудан қорыққаннан өткереді”, – деді спорт комментаторы Данияр Кәрімжан.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"