AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

ЦентрКредит Банкі мен Альфа-Банк Қазақстан арасында акцияларды сату бойынша келісім жасалды. Бұл туралы ЦентрКредит Банкінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

банк центр

“ЦентрКредит Банкі ның 100% акцияларын сатып алу арқылы жаңа акционері болады. Сондай-ақ "Альфа-Банк" АҚ акционерлер құрамынан толығымен шығып, өз өкілдерін директорлар кеңесінен шақырып алады”, – делінген банк хабарламасында.

Мәміле заңды түрде аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі банктің ребрендингін жүргізбек. Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрі бар қазақстандық банк болады.

“ЦентрКредит Банкі салымшылар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін өз қаражаты есебінен банкке қосымша өтімділікпен қолдау көрсетуге дайын және бұл барлық клиенттер үшін ағымдағы жағдайды тез шешуіне септігін тигізеді”, – деп қосты банк өкілдері.

Айта кетейік, "ЦентрКредит Банкі" АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы және ірі коммерциялық банктердің бірі. Банк кең филиалдық желілерге ие және Қазақстанның барлық аймақтарындағы 130-дан астам филиалдарында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр