Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ Газаға гуманитарлық көмек жіберуін тоқтатады

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің бас комиссары Филиппо Лазарини мұны әлеуметтік желіде жариялады.

"Біз Газаға гуманитарлық көмектің негізгі өту нүктесі Керем Шалом арқылы көмек жеткізуді тоқтатамыз", – деп жазды ол.

Лазарини 16 қарашада қарулы топтардың гуманитарлық жүк көліктерінің үлкен кортежін басып алғанын еске салды. 30 қарашада UNRWA бір бағыт бойынша бірнеше азық-түлік жүк көлігін жіберуге әрекеттенді, бірақ олардың барлығын ұрлап кетті.

Газада жалғасып жатқан қоршау, Израиль билігінің кедергісі, көмек көлемін шектеу жөніндегі саяси шешімдер, жеткізу жолдары бойындағы қауіпсіздік және жергілікті полицияға шабуылдар салдарынан гуманитарлық әрекет мүмкін болмады. Мұның бәрі тәртіптің күйреуіне әкелді деп түсіндірді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, гуманитарлық қызметкерлер мен жеткізілімдерді қорғау жауапкершілігі "басқыншы күш ретінде Израиль мемлекетіне жүктеледі".

"Олар Газаға көмектің қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етуі және гуманитарлық қызметкерлерге шабуыл жасаудан аулақ болуы керек. Мен атысты тоқтатуға шақырамын", – деді Лазарини.

Талқылау