“Бумажный дом” жұлдызы Қазақстанға сәлем жолдады
Танымал испаниялық актер Мигель Эрран елімізге сәлем жолдап, Қазақстан шоколадын жеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Видеоны әлеуметтік желіде актриса Дина Тасболатова бөлісті.
Қалың көрерменге испаниялық актер “Бумажный дом” туындысы арқылы кеңінен таныс.
Отандық актриса атақты актерлермен бірге Netflix ұсынатын фильмге түсіп жатыр.
“Мигель Эрран мен оның командасынан елімізге сәлем! Бұл жерде тек костюмер мен грим жасаушылар ғана болды. Қалғандарын түсіріп үлгермедім”, – деп жазды актриса.
Айта кетейік, Дина Тасболат Netflix кинокомпаниясынан шақырту алған еді.
“Біз Netflix-теміз. Енді осы жаңалықты бөлісе аламын. Жобаның түсірілімін Испаниядан бастадық. Сол жағымда режиссер – Мигель Анхель Вивас. “Бумажный дом” туындысын түсірген. Одан кейін, актер – Мигель Эрран. Бір жобада болғаныма қуаныштымын”, – деп жазды киножұлдыз.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"