Netflix Алматы тауларында туристік реалити-шоу түсірмек
Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/almaty_akimat
Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді.
“Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы реалити-тур шоу түсіру орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдады”, – деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.
Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметі атап өткендей, Алматыда өтетін туристік реалити-шоудың түсірілімі – Қазақстанды әлемге танытуға және елдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететін маңызды “капитал”.
Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші ағынды платформа.
Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адам. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді