Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстанның бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Ал үш қалада ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай уақытында елдімекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды