Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

24 жастағы Тейна Пачеко Барбоза әлі күнге дейін өз денесін қабылдай алмай жүргенін айтады. Себебі ол бала кезден артық салмақтың зардабын шегіп келген. Сондай-ақ, семіздік Тейнаның қанында бар.

140 келіден арықтаған

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Барбоза есін білгелі толық адамдарға арнап киім үлгілерін жасайтын дизайнер болып жұмыс істеп келеді. Оған өз басындағы жағдай себеп болған. Алайда Тейна 18-ге толғанда жағдай өзгерген. Анасын жедел жәрдем әкетіп бара жатқанын көрген соң, бойжеткен сұм жағдайды алдын алу керектігін түсінген.

Қазір Барбоза артық салмағынан арылған. Осыдан алты жыл бұрын оның салмағы 140 келі болды деп айту қиын.

140 келіден арықтаған (7)

«Шынымды айтсам, артық салмағыма бола ешқашан қиналған емеспін. Әрине, өзіме ұнайтынмын деп айта алмаймын. Бірақ өзім қарапайым қыз сезінетінмін», – дейді Барбоза.

Бразилиялық қыздың анасы жүрек талмасына ұшыраған. Барбоза сол сәтте әжесінің де артық салмақтың кесірінен жүректен кеткенін еске алды. Бойжеткен сұм тағдырдың өзін де айналып өтпесін білді.

140 келіден арықтаған (6)

Тейна өзгеріске апаратын қадамды диетадан бастады. Ол майлы, тәтті және ұн тағамдарынан бас тартты. Осылайша 140 келі салмағының тең жартысынан арылды.

Бұдан кейін, бойжеткен асқазанын тарылту отасын жасатты. Қуанышқа орай, хирургиялық ота сәтті өтті. Алайда бұдан кейін қыз өзге проблемамен бетпе-бет келген. Салбырап қалған тері салмағынан арылу қажеттігін түсінген ол ақырында шешім қабылдаған-ды.

140 келіден арықтаған (4)

Тейна жалғыз операциямен проблемадан құтыла алмайтынын түсінген. Бүгінде ол тұрақты түрде спортпен айналысады. Сондай-ақ, аруларға массаж қабылдап тұруға кеңес береді.

«Мен ешқашан өзімді біреуден кем санаған емеспін, өзіме сенімді болдым. Жетістікке жетуімнің сыры осы деп ойлаймын», – дейді сылқым.

140 келіден арықтаған (2)

140 келіден арықтаған (3)

Тағы оқыңыз: 

Дін қызметкері өзі зорламақ болған кезде жыныс мүшесін кесіп алған қызды кешірді

Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)

Әйел 4 жыл бойы күйеуі мен қызын жасырын суретке түсіріп, жұлдызға айналды

2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

 

Талқылау