Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар "вампир" деп есептелген адамның мүрдесін қазып алды 

Болгарияда археологтар тірі күнінде "вампир" деп есептеген адамның зтиратын тапты. Қазба жұмыстары Кырджалийск облысында жүргізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВТА басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

зират

Фото: pixabay.com

Жерлеу кезінде марқұмның мүрдесіне крест пен үшкір қару қойылған. Ерте дәуірде бұл заттар вампирдің тіріліп кетуінің алдын алады деп есептелген. 

"Мамандардың сөзінше, бастапқыда мәйіт балаға тиесілі делінген, себебі бойы небәрі 110 см. Зерттеу кезінде оның ересек адамдікі екені анықталыпты. Дамуында кедергілер болғандықтан, оны қоғамнан алшақтатып тастаған", – деді мамандар. 

Зерттеушілердің айтуынша, адамдар бұл кісіден қорыққандықтан тірі күнінде түрлі жалған әңгіме таратқан. Мұның барлығы оның өте берік тістері мен бас сүйегінің формасы өзгергенімен байланысты екен. 

Еске салайық, бұған дейін Польшаның Пень қаласындағы "адасқан рухтар" зиратынан археологтар XVII ғасырда өмір сүрген, тобығында үшбұрышты құлпы бар "вампир баланың" қаңқасын тапқан еді. 

Талқылау