Блогер Марғұлан Боранбай үй қамағына алынды
Алматының ауданаралық тергеу соты белсенді блогер Марғұлан Боранбайға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 қазанда Марғұлан Боранбай "ұлттық араздықты қоздырды" және "билікті күшпен басып алуды насихаттады" деген күдікке ілінді.
Кейін оның адвокаты Әнуар Байдаров Боранбай Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Дегенмен, ұлттық-патриоттық сипаттағы жазбаларымен танымал блогерді үйқамаққа ауыстыру мүмкін болды.
"Мен ешқайда кетпеу туралы жазылымды талап еттім. Прокурор үй қамауымен шектелуді мүмкін деп тапты", – деді Байдаров.
Адвокат қорғаушысына тағылған "билікті күшпен басып алуды насихаттады" деген айыппен келіспейтінін ашық жеткізді.
"Қылмыстық кодекстің 179-бөлімі менің қорғаушымды түрмеге жабу, сылтау жасау үшін қолдан жасалған деп санаймын. Бұл өрескел заң бұзушылық", - деп жазды Facebook-те Әнуар Байдаров.
Айта кетейік, бұл бап жеті жыл мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
"2019 жылдың көктемінде қозғалған, содан кейін тоқтатылған істің бүгін қайта жалғасуы және бүгін Марғұланның қамауға алынғандығы тергеу органдарының іс-әрекеттерінің тапсырыстық сипатын көрсетеді", - деп мәлімдеді Байдаров.