Блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар содан кейін өліп кетті

Фото: Юлия Бурулева
Үндістанда ресейлік блогер пілді фотосессия үшін қызғылт түске бояды. Содан кейін піл өліп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала тергеу бойынша 65 жыл өмір сүрген қарт жануардың өліміне пайдаланылған материалдардың уыттылығы, бояудан кейінгі стресс себеп болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, тіпті "табиғи" бояғыштарда зиянды пигменттер болуы мүмкін.
Ресейлік Юлия Бурулева Джайпурда көркемдік фотосессия жүргізіп жатқан. Бұл қала құрылысында қолданылған тастың ерекше түсіне байланысты "Қызғылт қала" деп те аталады. Фото үшін ол піл мен үнді моделін қызғылт түске бояған.
Ресейлік блогер фотосессия үшін пілге зиян келтірмеген табиғи бояуды қолданғанын айтады. Алайда жергілікті тұрғындар фотографты айыптап, әлеуметтік желілерде жануарларды "эстетика" үшін пайдалануға болмайтынын мәлімдеді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады