БҚО-да ұлына той жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылды
3 қарашада COVID-19 инфекциясының таралуы жөніндегі жедел штабының кезекті отырысы өтті. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісұлының карантин кезінде той өткізгені расталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті еңбек демалысында екенін айтты.
"Осыған орай тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар, Татжан Өтемісовке карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды және 41 мың теңге айыппұл салынды", - деді Берік Батаев.
Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да ауыл әкімі ұлына дүркіретіп той жасап бергені туралы жазған болатынбыз.
Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кейіпкері - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы. Алайда журналистер шенеуніктен түсініктеме ала алмады. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев шенеунікке қатысты шара қолдануды тапсырды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан