Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бізге жеті жыл болды: Мәдина Сәдуақасова жолдасымен мерейтой жасамақ

Мәдина Сәдуақасова мен жолдасы Олжастың отау құрғанына 7 жыл толды. Бұған дейін ажырасып кетті деп ел аузында сөзге қалған жұп мерейтой жасауды ойластырды. 

"7 жыл бұрынғы фото. Олжас екеуміздің жас айырмашылығымыз 7 жыл. Әнуар биыл 7-ге келеді. 7 күннен кейін үйлену тойымыздың 7 жылдығы! Қазақтың қасиетті саны барлық жағынан келіп тұр. “Годовщина” - ны атап өту керек - ау, той жасап? Әлде ерте ме?" , - деп жазды Сәдуақасова парақшасында.

Айта кетейік, Жаңа жыл алдында Мәдина Сәдуақасова Дубайда барып демалып қайтты. Әнші жолдасымен ара қатынасы туралы айтудан бас тартты. Желіде мұңды жазба жариялай бастады. Көпшілік осыдан соң әнші жолдасымен ажырасып кетті деп болжады.



Отбасында өкпе-реніштің болғаны рас. Алайда Жаңа жыл мерекесі күні әнші отбасымен татуласып, бірге атап өтті. 

"Алтын тойға жетіңдер. Жақсы жарасымды жұп", "Бірге қартайыңыздар", "Сіздер туралы көп естиміз, мерейтойды атап өту керек", "Жұптарыңыз жазылмасын", "7 жыл тұрып та екі жаққа кетпек болдыңыздар ма?", "Отбасыларыңызға сәби келсін, балалы болыңыздар, шаңырақта тек сәбидің күлкісі естілсін", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр