Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз ойлағандай бола бермейді": Криштиану Роналду спорттық мансабына байланысты мәлімдеме жасады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы мансабына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

роналду

"Аль-Наср" командасымен келісім жасасқан спортшы бұл маусымда олжасыз қалған еді. БАҚ беттерінде бұдан кейін Роналдудың басқа командаға ауысқысы келетіні туралы мәлімет тараған. Алайда футболшы мұны жоққа шығарды.

"Клубпен кубок жеңемін деп ойлағанмын, бірақ біз ойлағандай бола бермейді. Соңғы 5-6 айда клуб жақсы дамыды. Титул жеңу мүмкін болмады, бірақ мен алға сеніммен қарап, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мен бұл жерде бақыттымын, әрі қарай да жалғастыра бергім келеді. Меніңше, жігіттер осы беттен таймаса, Сауд Арабиясы әлемдегі үздік 5 лиганың қатарына қосылады", – деді ол сұхбаттарының бірінде. 

Еске салайық, Роналду "Аль-Наср" командасымен 2,5 жылға келісімшартқа отырған. Ал жылдық жалақысы 200 миллион еуро. Дегенмен бұл маусымда команда Сауд Арабиясының чемпионатын жеңе алмады. 

Талқылау