Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың соты: Байжановтың арызы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінде қызметтік тергеу басталды

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында "Гастроцентр" директоры Бақытжан Байжановтың арызы бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

"Мусин.Б – “Азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Бұл ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады. Өз кезегінде ұйым мүшелерінің түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын қадағалауы мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытында қатаң сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Сотталушы Б.Байжанов көрсеткен фактілер бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", – деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.



Еске салайық, 15 сәуірде сотта Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы Байжанов қамауға алынғаннан кейін Бишімбаевпен тергеу изоляторында кездескенін айтқан еді.

Кездесу барысыда Бауыржан Мусин, сондай-ақ сотталған бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев болғаны айтылды. Байжановтың айтуынша, олардың қолдарына кісен салынбаған.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне қаншалықты әсер етті. Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

Талқылау