AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірінші сыныпта тек ана тілінде оқиды": Білім және ғылым министрі үш тілді оқыту жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастауыш сыныпта үш тілді оқыту жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтып өтті. Сөзінше, қазақ тілді мектептерде оқушылар 1-сыныпта тек ана тілінде білім алады, ал өзге тілдер екінші және үшінші сыныптарда қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NUR.kz басылымына сілтеме жасап. 

оқушы

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар үш тілді де меңгеруі керек және алдағы уақытта бұл жүйеден бас тарту жоспарланып отырған жоқ. 

Дегенмен үш тілді 1-сыныптан бастап оқыту қиын болғандықтан, бастауыш сыныптарға өзге тілдерді бірте-бірте енгізбекші. 

"Бастауыш сыныптарға келсек, осы тақырыпта зерттеу мен сараптама жүргізе келе, 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Мәселе дидактика мен физиологияда. 

Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуға қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдымен өз тілінде оқып және жазып үлгереді. Екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі енгізіледі", – деді Аймағамбетов. 

Ал орыс тілді мектептерде оқушы алдымен орыс тілінде жазып, оқып үйренеді. Ағылшын тілі үшінші сыныпта енгізілмек. 

"Әдіснама тұрғысынан бұл негізделге. Дәл осындай зерттеу мен ұсыныстар бұған дейін болған, сондықтан осы өзгерісті енгіземіз", – деп қосты министр. 

Келешекте енгізу жоспарланып отырған өзгерістер келесідей:

  • Қазақ тілінде оқитын балалар үшін бірінші сыныпта тек ана тілінде оқытылсады, екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпты ағылшын тілі қосылады;
  • Орыс тілінде оқитын балалар бірінші сыныпта орыс тілінде және мемлекеттік қазақ тілінде оқыса, үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін де қосып меңгереді.

"Бұл өзгерістер жақын арада енеді, осы жүйеге көшеміз. Дайындық жүріп жатыр", – деп қосты министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр