Бір көзінен айырылған қыздың өлеңі қазақстандықтарды жылатты (видео)
Бір көзінен айырылған 21 жастағы Римма Асқарова Оралбекқызы 11 жыл бойы тағдырдың тәлкегіне көніп келеді. Қазақтың бота көзді сұлуы бір көзінің кеміс болғанына қарамастан, болашақтан зор үміт күтеді. Бір көзінен айырылған Римманың өлеңі бүкіл қазақстандықтардың жүрегін елжіретіп жылатты. Қыз қандай жағдай болмасын қиындыққа мойымай Аллаға шүкіршілік етеді.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Римманың өзі туралы айтылған «қос жанарымның бірі сөніп барады, көрген күнім болып жатыр қараңғы»,- деген өлең жолдары қай қазақтың жүрегіне тимейді?!
Күш-жігері мықты қазақ қызы осының бәрі Жаратқанның бұйыртқаны деп біледі. Дегенмен қазір бәрі қаражатқа келіп тірелгендіктен, қазақ қызы ота жасату үшін халықтан аз да болса ақшалай көмек сұрайды.
Асқарова Римма Оралбекқызы 1997 жылы маусымның 5-ші жұлдызында дүниеге келген. 2009 жылы жарамсыз от-шашу әсерінен сол жақ көз жанарына зақым келіп, беткі қабатын күйік шалғандықтан сол жақ көзі көру қабілетінен айрылады. Асқарова Римма өткен 2017 жылға дейін ақылы және ақысыз түрде шамамен 9 ота жасатқан. Қазақстанда жасалынған оталардың сəтсіз аяқталуына байланысты, Риммаға Израиль мемлекетінде ота жасатуға болатынын ескере отырып, көздің көру қабілетін қалпына келтіруіне мүмкіндік барын білгендіктен, қазақстандықтардан көмек қолын сұрамақшы.
«Соншама уақыт бойы жасырып келгенім рас, себебі мен қатты қорықтым, көзімді ашықтан-ашық салу қиынға соқты, ол ауыртпашылықты сіздерге сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес»,-деді Римма өзінің Инстаграм парақшасында.
Ота қаражаты: 16 млн болғандықтан жүрегі кең, жанашыр жандардан қолдау күтеміз, аянып қалмас деген үлкен сеніміміз бар!
Киви нөмірі: :+77076566563
Карт.(счет): KZ284509939890556296:
+77076566563Карт.(счет):
KZ284509939890556296
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде тағы бір зейнеткер тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Астанада түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды
Алматыда мешітке келген орыс жігіті ислам дінін қабылдады (видео)