"Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ": Дін туралы насихат айтып жүрген Жанар Байсемізова ораза туралы айтты
Журналист, продюсер, тележүргізуші, соңғы кездері қыз-келіншектерге дәрісін беріп жүрген Жанар Байсемізованің пікірі қызу талқыға түсті. Оған "Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ" тақырыбында жазған жазбасы себеп болды.
Жанар Байсемізова "Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ" тақырыбында жазба жариялады. Алайда желі қолданушылары мұның не мағынада жазды деп шуласты. Тіпті, айыскер Айнұр Тұрсынбаева, журналист Асхат Садырбай, психолог Құралай ханым постқа пікір білдіріп, Жанар Байсемізовадан бұл жазбасын алып тастауын өтінді.
Қайырлы күн! Менің жазған соңғы постымды оқыңыз да бұл постты өшіре салыңыз. Алла кешірсін", "Жанарик мына постыңды алып таста,- деп өтініш жазды олар.
"Мұны кім жазып отыр? Ораза туралы Құранда айтылмағаны несі? Өзіңіз де ораза тұтып жүрген жан емессіз бе?", "Сіз осы жазбаңыз арқылы қанша адамды адастыратыныызды білесіз бе?", "Дін туралы дәріс жазып жүрген адамның оразаны жоққа шығарғаны қалай?", "Сізді абайлап оқу керек екен", деп жазды олар.
Алайда Байсемізованің өзі тікелей эфирде хабарлағандай, танымал әншілер әнін айтып, басқалары өз жұмысын біліп жүре берсін. Ал, жазбаны парақшадан өшірмек емес. Ол ораза жайлы бұл ақпарды сары басылымнан көшіріп алғанын айтып ақталды.