"Бейнебаян түсіру керек": Ерке Есмахан күйеуі Райыммен дуэт айтпақ
Қазақстанға танымал жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Райым Бақтыгереев дуэт жаздырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Ерке Есмахан күйеуі екеуінің шығармашылығында жаңалықтар барын айтып қалды.
“Талантты Райым керемет дуэт ән шығарды. Енді бейнебаян түсіру керек, Алла бұйыртса. Тезірек сіздер де тыңдаса екен деп күтіп жүрмін. Ән енді от”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сауалдарына жауап берді.
“Тойға фотосессия жасаймыз деп едіңіз. Сол не болды? Әлде жасап қойдыңыздар ма?” деген сұраққа Ерке: “Жасап қойғанымызға біраз болды. Суреттер керемет. “Мынаны мен саламын, мынаны сен” деп таласып жүрміз. Соңында бүкіл альбомды емес, парақшаға екеуіміз бір-бірден сурет салатын болып шештік. Елді у-шу қылмайық деп отырмыз”, – деп жауап қайтарды.

Бұған дейін Ерке Есмахан Райыммен айырылысып кеткені туралы және жүктілігі жайлы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік