Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі айтыскер ақындар Сәкен Майғазиевке арнап жарыса өлең жазып жатыр

Белгілі әнші, МузАрт тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Жаңа жылдың алғашқы күні 43 жасқа толған туған күнін атап өтуде. Өз кезегінде әншінің өнердегі әріптестері оны туған күнімен жарыста құттықтап жатыр. Ал айтыскер ақындар Сәкенге арнап өлең жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүгін, 1 қаңтарда, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің туған күні. 43 жасқа толған әншіні өнердегі әріптестері, айтыскер ақындар мен ел азаматтары құттықтап жатыр.

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әншіні туған күнімен құттықтап, ақ тілегін өлеңмен жеткізді.

«Азаматтың сұлтаны,
Қазанаттың тұлпары..
Еркектерді негізі,
Өсек айту құртады!
Кесек сөзді бұл жігіт,
Сом алтынның ұнтағы..!
Қай жерде де тайсалмай,
Ел намысын жыртады.
Ердің сөзін сөйледі,
Елдің әнін шырқады.. Шаңырағыңда шырылдап,
Тусын қыз бен ұл тағы!
Бай қажының бірі бол
Майғазының ұрпағы!» – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Айтыскерден өнердегі әріптесі Сара Тоқтамысова да қалыспады. Сәкенде құттықтаған айтыскер ақын әншінің әндерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Әндеріңіз бағалы өте маған,
Өлеңмен бағаңызды көтере алам.
Өнердің белесіне,биігіне,
Тек қана еңбегімен жетеді адам.
Өсірген өнегелі азамат қып
Ең ізгі адамдардан екен Анаң,
Халқыңыздың жүрегін жауладыңыз,
Жолыңа боп жүрген жоқ бекер алаң.
Жақсы атыңа дақ түспей өмір бойы,
Мақсатыңа жете бер Сәкен ағам!», – деп Сара Тоқтамысова Instagram желісіндегі парақшасында ыстық лебізін білдірді.

Әншіні құттықтап, өлең арнаушылар қатарынан белгілі ақын Қалқаман Сарин де табылды. Сәкенді құттықтаған ақын әншіні мәрт мінезді азамат санайтынын атап өтті.

«Құны, сірə, болсадағы қанша кем,
Бақыт екен бап пен бағың болса тең.
Жұмыр жерді құшағыңа сыйдырып,
Мəрт-мінезді саған берген сонша кең.
Қара жерде тағдырлы ізің қалса екен!
Көк аспанда бақ жұлдызың жанса екен!
Анашың мен Алашыңның жүрегін,
Тербете бер,
Тербете бер,
Ән – Сәкен!» – деп жазды ақын Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары да Сәкен Майғазиевті 43 жасқа толған туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.

Оқи отырыңыз:

Атышулы Дәурен Айдарқұлов: Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын

Қайрат Түнтеков “I’m a singer Kazakhstan” жобасында жеңімпаз атанды

Ерлан Қарин көпшіліктің наразылығын тудырған «Қозы мен Баян» телехикаясына қатысты дауға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Талқылау