Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туған күнім екені сезіліп жатқан жоқ": Баян Мақсатқызы 50 жасын ұшақта қарсы алды

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы 50 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсердің өнердегі әріптестері мен оқырмандары жарыса құттықтап жатыр. 

“Туған күнім екені сезіліп жатқан жоқ. Жаңа жасымды ұшақта қарсы алдым. Одан кейін жұмысқа кірісіп кеттім. Күнделікті өмір өтіп жатыр. Күндер мен айлар кезектесіп өтіп жатыр. Ертең тағы бір жаңа күн басталады. Туған күнге бола өмірдің бір күнін ерекшелеп айтудың қажеті жоқ. Өйткені өмірдің әр күні керемет. Туған күнім қарсаңында су жаңа фотом да жоқ, елдің бәріне соңғы берген сұхбатым ұнап жатқан көрінеді. Сол үшін ескі фотомды жарияладым”, – деп жазды продюсер. 

Отандық шоу-бизнесте оқырманы көп өнер иесін желі қолданушылары туған күнімен құттықтап жатыр. 20 жылдан бері дос болып келе жатқан Динара Сәтжан ерекше жазба жарияласа, продюсердің сүйікті әншісі Айгүл Иманбаева ескі фотоларымен бөлісті.

“Мен сеніп, сенім артатын жалғыз адам – Баян. Ғасырдың жартысына келді. Біз Айару туғанда танысып едік. Міне, достығымызға 20 жыл толды. Сен өзіңнің атыңды қалыптастырып, шоу-бизнесте қолтаңба қалдырдың. Сені бүкіл қазақ елі таниды”, – деп жазды Динара Сәтжан. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызының алғашқы жүктілігі сәтсіз болғанын жазған едік. 

 

Талқылау